Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының №77 жалпы білім беретін орта мектебінде «Ерекше білім берудегі ұжымдық процестер мен оқыту әдістері» тақырыбында облыстық шебер-класс ұйымдастырылды.  

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде «Психологиялық-педагогикалық түзету жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық шебер-класс өткізілді.  

Ақтөбе    облыстық    әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде заманауи тәсілдерді қолдану» тақырыбында облыстық шебер-класс  ұйымдастырылды.  

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық  арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде «Арнайы білім беруде цифрлық ресурстарды қолдану» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығында «Аутистік спектрі бар балаларды оқытудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының медицина бағытындағы оқытушыларына арналған «Жаңа технологиялар арқылы сабақ өткізудің тиімділігі» атты облыстық семинар өтті.

 2024 жылғы 29 қараша  күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында облыстың  мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске  асыру жолдары» тақырыбында облыстық көшпелі семинар - практикум өтті.

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «№6 Хромтау гимназиясы» КММ-нің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары -Жасаганбергенова Баян Идирисовнаның шығармашылық есебі өткізілді.

         Ағымдағы жылдың 29 қараша күні  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында облыстық жоспардың жүзеге асырылуы және тәжірибе алмасу мақсатында «Кітап оқуды насихаттау ісіндегі жаңа мүмкіндіктер» атты онлайн облыстық семинар өтті. 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 27  қарашасы күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Денсаулық сақтау» саласы  «Акушерлік іс» мамандығы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.

2024-2025 оқу жылында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ай сайын «Үздік фотосуреттер» атты облыстық байқауын ұйымдастырады. Байқауға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру және Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының қызметі аясында өткізілген іс-шаралардың фотосуреттері қабылданады.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 25 қарашасы күні «Aqtobe It-Hub» базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ІТ саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.

2024 жылғы 22 қарашада Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары бойынша Мәртөк ауданының №1 «Тополек» бөбекжайының тәрбиешісі, шығармашылық шеберханасының жетекшісі Татьяна Александровна Козловскаяның «Тәрбие – білім беру процесінде ойын құралдарын қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы І отырысы өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары бойынша Ақтөбе қаласы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі «Мектепке дейінгі ұйымның Үздік педагогі – 2023» республикалық байқауының жеңімпазы, Узакбаева Сапаргуль Буркитбаевнаның «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында облыстық шеберхананың алғашқы ашылу отырысы өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша  Қ. Бітібаева атындағы олимпиадасының облыстық кезеңінің хатамасынан үзінді

КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» байқауының хаттамасынан үзінді

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақшасы» базасында жалпы орта білім беру және арнайы білім беру ұйымының логопедтеріне арналған «Логопедиялық ассорти» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

20 ноября 2024 года Актюбинским областным методическим центром провел областной конкурс «ЛУЧШИЙ МЕТОДИСТ-2024» среди организаций технического и профессионального образования с целью выявления, поддержки и популяризации лучших практик методической службы, повышения профессионального мастерства и творческого потенциала методистов.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы «Болашаққа жолдама» жобасы аясында 2024 жылдың 15 қараша күні өткен «Мен және мені қызықтыратын мамандықтар» облыстық сырттай үздік эссе байқауының қорытындысы.

 

  Болашақ ұрпақты патриоттық үлгіде тәрбиелеуде мектеп мұражайлары ерекше маңызды рөл атқарады. Мұражай ата-бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мұрасын насихаттайтын мәдениет ошағы болып табылады. Мұражайдағы сақталған тарихи мұрағаттар оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен қолданып, бүгінге дейінгі ата-бабаларымыздың өмірі туралы, өткен күндердің құнды дүниелері туралы сыр шертетіні белгілі.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы және Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірлесіп, «Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудегі бағалау өлшемшарттары» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізді.

2024 жылдың 13 қарашасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес М.Әлімбаев атындағы  № 25 жалпы білім беретін орта мектеп базасында  тарих пәні мұғалімдері «Тарих пәнін оқытудағы құзыреттілік әдістің тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өткізді. 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Шалқар ауданының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылды. «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы шара аудандағы «Болашақ» бөбекжай – балабақшасының базасында өтті.

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Шалқар ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.К.Сарсенова және аудандық білім бөлімі жауапты мамандарының қатысуымен өңірдің тәжірибелі ұстаздарының кәсіби дамуына, өзара  ынтымақтастық орнатуға және білім беру үдерісінде бірлескен жұмыс ортасын қалыптастыруға  бағытталған педагог-шеберлердің дөңгелек үстел отырысы өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы  жылдың  13 қараша күні  2024 жылғы 30 тамызда №194 бұйрығымен «Біртұтас тәрбие»  бағдарламасы аясында «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.

2024 жылғы 16 қазан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Мәртөк ауданының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар - практикум өткізілді.

Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті  2024 жылға арналған бірлескен жоспары негізінде   «Жылыту кезеңіндкгі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Тұрмыстық электр құралдармен айналасу ережелері», «ҚР ІІМ ТЖК КТИ оқу орнына түсу мүмкіндіктері мен ерекшеліктері» тақырыптары бойынша онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақтар өтті.  

2024 жылдың 24 қазан күні Шалқар қаласы №5 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында  «Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

2024 жылдың 2 қарашасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен дебат жетекшілері арасында "Ұлттық сапа" тақырыбында облыстық турнир өткізілді. Бұл шараға Ақтөбе қаласы мен облысымыздың аудандарынан 12 фракция қатысты.

2023 жылдың 1 қарашасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күніне орай білім беру ұйымдарының басшылары арасында облыстық «Білім көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер» атты дебат турнирі өтті.

2024 жылдың 30-31 қазан күндері Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қыздар және ұлдар клубтарының жетекшілеріне арналған «Үйірме жұмыстарының құжаттарын жүргізу және ұйымдастыру» тақырыбында екі күндік облыстық оқыту семинары оффлайн форматта өткізілді. Шараға 27 жетекші қатысты.

2024 жылдың 28-29 қазан күндері Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Дебат жүргізудің негізгі ережелері, элементтері және техникасы» тақырыбында дебат жетекшілеріне арналған облыстық оқыту семинары өтті. Бұл шараға 41 жетекші қатысты.

2024 жылдын 28 қазанда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «WSDC форматы, элементтері және техникасы» тақырыбында дебат жетекшілеріне арналған облыстық оқыту семинары өтті.

2024 жылдын  23 қазан  күні Ақтөбе облыстық әдістемілік орталықтың жоспарына сәйкес  Мәртөк ауданының «Хлебодаровка жалпы білім беретін орта мектебі» КММ «Кейстің негізгі бөлігі аргументацияның құрылуы мен құрамы» тақырыбында  Азамат Кубигенұлы Амандыковтың шығармашылық есебі өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 17 қазан күні «Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды дарытуда педагогтің рөлі» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған бірлескен жоспары негізінде «Жылыту кезеңіндкгі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану ережелері» тақырыптары бойынша онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақтар өтті.

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 12 қыркүйек күні «Тәрбие жұмысын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың маңызы, құқық бұзушылықтың алдын алу» атты облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні 3-11 сынып білім алушылары арасында жаппай диктант жазылды.

Ақтөбе облысының барлық мектептерінде ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні 1-11 сынып білім алушылары үшін «Менің Отаным – Қазақстан» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Ақтөбе облысының барлық мектептерінде 2024-2025 оқу жылында «Білім күні» 1 қыркүйекте, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен, 1, 11 сынып оқушылары үшін Білім күні аталып өтті.

Ағымдағы жылдың 13 тамызынан бастап жобалық кеңсенің жаттықтырушыларымен Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының басшылары; мектепке дейінгі ұйымдардың, облыстық білім беру және орта арнаулы ұйымдардың, қосымша білім беру ұйымдарының мамандары; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары мен оқытушылары үшін «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» жаңартылған бағдарламасын енгізу алгоритмін түсіндіру бойынша оқыту семинарлары өткізіліп келеді.

Ағымдағы жылғы 16 тамыз күні «Стресс-менеджмент және SLOW LIFE» тақырыбында тамыз Самитті аясында бастауыш, жаратылыстану-математика, гуманитарлық пән педагогтеріне арналған секция отырысы өтті.

Білім берудегі цифрлық трансформация білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, соның ішінде оқу жоспарлары мен оқыту әдістерін жаңа технологиялық шындыққа бейімдеу мақсатында 2024 жылғы 13 тамыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» атты педагогтердің облыстық тамыз Саммитінің панельдік секциялық отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 12 тамызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Цифрлық технологиялар – мектепке дейінгі білім беру сапасына жаңа бағыт» тақырыбында Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» балабақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне арналған секция отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» педагогтердің облыстық тамыз Саммитінің аясында қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтеріне арналған «Балаларға қосымша білім беруде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында панельдік секциясы өткізіліп, балаларға қосымша білім беруді дамытудың негізгі бағыттары мен келешегін, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңа технологияларды қолдана отырып жаңарту мәселелері талқыланды.

2024 жылдың 19 шілде күні жастар арасында ойынға тәуелділіктің және заңсыз құмар ойындардың алдын алу бойынша «Ойынға тәуелділік» атты ақпараттық сағат Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтті.

Ағымдағы жылдың 19 маусым күні Ақтөбе облыстық білім басқармасы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Хатшылығы ұйымдастыруымен әкелер күніне арналған «Әке – отбасының тірегі» атты облыстық форум өтті.

Ағымдағы жылдың 14 маусым күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес облысымыздағы білім беру ұйымдары арасында информатика пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен «Шынайы жобаны қорғау» облыстық байқауы өтті.

2024 жылғы 07 маусым күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Әйтеке би көпсалалы колледжінің педагогтеріне «ТжКББ ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылғы 5 маусым күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай «Волонтерлер – бүгінгі адамзаттың элитасы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған Бала – Бақыт, Бала – Шаттық, Бала – Нұр атты мереке «Қазақ халқына мың алғыс» стелласында өтті. Шараға облыс әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы қатысып, облысымыздың барлық балаларын мерекемен құттықтады. Мерекелік шарасы барысында халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың жолдары» атты семинар-кеңес өтті.

2024 жылдың 30 мамырында Ақтөбе облысы білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен арнайы білім беру ұйымдарының психологиялық-педагогикалық кадрларының шығармашылық белсенділігі және әлеуметтік-кәсіби қасиеттерін дамыту мақсатында «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизм орталығының үздік педагогі» атты республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні Алға қаласы Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығында «Оңалту орталығындағы денсаулықты сақтау технологиялары» тақырыбында облыстық шебер-кластың қорытынды отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар алаңы» тақырыбында облыстың жас педагогтерімен кездесу өтті. Кездесу жас педагогтерге позитив пен мотивация беру, жас мамандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде 8-10 сынып білім алушыларына онлайн форматта облыстық интерактивті сабақ өтті.

Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен интернат тәрбиешілеріне арналған «Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру» тақырыбында облыстық семинары өтті.

Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары негізінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №294 бұйрығына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық мектеп лигасы» жобасын жүзеге асыру бойынша облыстық онлайн семинар-практикумы өтті.

2024 жылдың 17 мамыр күні «Білім беру жағдайында тәрбие жұмысын жүргізу әдістемесі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға Байғанин ауданы бойынша 56 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.

2024 жылдың 15 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемілік орталығының жоспарына сәйкес М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясында дебат клубының жетекшісі Снасапин Темірлан Бірімбетұлының «Дебат клубы және оқушыларды дебат арқылы жетістікке жетелеу» тақырыбында шығармашылық есебі өтті.

Ағымдағы жылдың 13-14 мамыр аралығында Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледж базасында WorldSkills Aqtobe – 2024 аймақтық чемпионатының өтуіне орай, кәсіби бағдар «Болашаққа жолдама» жобасы негізінде «Party profession» кәсіби бағдар беру ісінің заманауи әдіс-тәсілдерін үйрету мақсатында 9 сыныптың білім алушыларына арналған мамандықтар мерекесі өтті.

Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибе» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберхана отырысы өтті.

12 мамыр 2024 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Сапалы видеоны жасаудың құпиясы» атты облыстық семинар өтті. Онлайн тәртібінде өткізілген семинарға информатика пәні мұғалімдері қатысып,  орталықтың директор орынбасары Скакова Жемис Бердигалиевна алғы сөз сөйлеп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Ресурстық орталық: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жауапкершілік» атты облыстық семинар өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай 2024 жылғы 18 наурыз – 18 сәуір күндері ТжКББ ұйымдарының студенттері арасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 Бұйрығына сәйкес туристік-өлкетану экологиялық зерттеу жұмысының «Гүлдене бер, Қазақстан!» облыстық байқауы өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылғы 26 сәуір күні «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жағымды дағдыларын қалыптастыру мақсатында балабақша тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар болып өтті.

Мұғалім  заман талабына сай, білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытудың озық технологиялары мен жаңа инновациялық әдістерін шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға. Ұстаздардың өз шеберліктерін, шығармашылық еңбегін күнделікті қызметтерінде пайдалана білуі ең алдымен сабақпен байланысты. Сапалы, тиімді әрі нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ – ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.    

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған бірлескен жоспар негізінде «Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік», «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында онлайн форматта кезекті облыстық интерактивті сабақ өткізді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 24 сәуір күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Кітапхана – жастар үшін мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында әдістемелік-семинар өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында облыстық мамандандырылған лицей-интернат психологтарының іс-тәжірибесінен "Саналы мотивация. Қажеттілік. Іс-әрекет" тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өтті.

 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 сәуірінде «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында ұлдар клубтарының жетекшілеріне арналған Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында дөңгелек үстел өтті.

Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Бала денсаулығын сақтау жолында тұрған ең басты мәселе – оларды салауатты өмір сүруге және оны сақтау, нығайту жолдарын білу.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы тарих және география пәндерінің жас мамандарына арналған "ZHAS PROJECT" облыстық педагогикалық креативті жобалар байқауын өткізді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 12-сәуірінде «Эмоционалдық құзыреттілік» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған шебер-класс өтті.

«Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру жол картасы аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті. Байқауға қалалық, аудандық кезеңінің жеңімпаздары – 11 педагог қатысты.

Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» тақырыбында шебер-класс өткізілді.

Ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес «Сенім. Тірек. Кеңістік» жобасы аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығында «Мобильді топтың жұмысын тиімді ұйымдастыру. Халықаралық тәжірибе» тақырыбында білім беру ұйымдарының мобильді топ мүшелеріне арналған семинар практикум ұйымдастырылды.

2024 жылдың 29 наурыз күні Әйтеке би ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының арасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Психологиялық қызметті ұйымдастырудағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, класс жетекшілер, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтардың байланыс тетіктері" тақырыбында облыстық семинар-практикум Т.Жүргенов атындағы ЖОББ мектеп базасында офлайн/онлайн форматта өткізілді.

Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарына арналған онлайн және офлайн форматында «Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық оқыту семинары өткізілді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес  облысымыздағы білім беру ұйымдары арасында информатика пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен «Шынайы жобаны қорғау» облыстық байқауының 1-кезеңі өз мәресіне жетті.

Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында облыстық жоспардың жүзеге асырылуы және тәжірибе алмасу мақсатында «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйыламыз» атты онлайн облыстық семинар өтті.

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Білім сапасын арттыруда интерактивті әдістерді қолданудың тиімділігі» атты облыстық семинар өтті. Онлайн тәртібінде өткен семинарға 50-ге жуық информатика пәні мұғалімдері қатысты. Орталық әдіскері, т.ғ.м. Нуржанова Эльвира білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырды.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы 2024 жылы сынып жетекшілеріне арналған «Шеберліктің сан қыры» атты семинарлар сериясын жоспарлап отыр. Ай сайын Ақтөбе облысындағы мектептердің сынып жетекшілері әріптестерімен тәжірибе алмасады.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 28 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік» тақырыбында өңірлік семинар-тренинг өтті.

2024 жылдың 25-27 наурыз күндері Ақтөбе облысы ауыл мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған Қазақстанның Фулбрайт ассоциациясының ұйымдастыруымен халықаралық семинар өткізілді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары негізінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №294 бұйрығына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Еңбегі адал жас өрен» жобасын жүзеге асыру бойынша ағымдағы жылдың 27 наурыз күні облыстық онлайн семинар-практикумы өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 26 наурыз күні жалпы орта білім беретін мектептердің және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының мұғалім-логопедтеріне арналған «Үздік логопед – 2024» облыстық байқауы ұйымдастырылды.

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Дощанова Гулдана Хайрханқызының «Бастауыш сыныпта оқытуда жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттыру» тақырыбында облыстық шеберхананың ІІІ отырысы онлайн тәртібінде өтті. Отырысқа облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 20 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы 32 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Тоғымбаева Айнұр Әбдімүнәпқызының «Қазіргі бала дамуындағы үдеріс және оқушының математика сабағындағы әрекетін жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында шығармашылық шеберханасының III отырысы өтті.

2024 жылдың 19-наурызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Темір ауданы Жансен Кереев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Лилия Асхатқызы Абдрахимованың «Steam технологиясы – функционалдық сауаттылықтың негізі» атты облыстық шығармашылық шеберханасының III отырысы «ZOOM» платформасында өтті.

2024 жылдың 19-наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы Мария Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Раева Айна Жылкыбаевнаның «Бастауыш білім беру жүйесінде STEAM технологиясын қолдану» тақырыбындағы облыстық шеберханасының IIІ отырысы «ZOOM» платформасында өтті. Шеберхана отырысына облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру мекемелерінде оқытудағы ықпалы мен стратегиялары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен информатика пәні бойынша ассоциация жоспарына сәйкес «Виртуалды және кеңейтілген шынайылық мүмкіндіктерін қолдану» атты облыстық онлайн-семинар өткізілді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сай, ағымдағы жылдың 18-наурыз күні Хромтау ауданы №4 Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Таимова Рунат Жакуповна жетекшілігімен «Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыстың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

2024 жылғы 15 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі базасында «Электромонтаж құзыреттілігіндегі инновациялар: WorldSkills аймақтық чемпионатына дайындық» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Бастауыш сыныптың жас мамандарына математика, қазақ тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін үйрету, әртүрлі тапсырмаларды дайындау тәсілдерін меңгерту мақсатында 2024 жылғы 15-наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байжанова Гульзипа Кабеповнаның «Ізденейік, үйренейік, жас маман тақырыбында облыстық шебер-класы болып өтті.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 14 наурыз күні облыстық онлайн семинар – практикумы өтті.

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында оқыту семинары өтті. Семинардың модераторы: психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, "Психология және педагогика" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі – М.Жубандықова мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні "Оңалту орталықтарындағы дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларға денсаулықты сақтау технологияларын тиімді қолдану" тақырыбында онлайн шебер-кластың екінші отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде онлайн форматта «Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында кезекті облыстық интерактивті сабақ өтті.

Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Смадиярдың «Құндылыққа негізделген мектеп» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберханасының 2-ші отырысы өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Ата-ана мен бала: қарым-қатынас негіздері» тақырыбында педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге және ата-аналарға арналған онлайн форматта коуч-сессия ұйымдастырылды.

2024 жылдың 5 наурызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №2 қалалық ПМПК базасында «Педагогтің инклюзивті білім беру жағдайында білім беру әрекетіне дайындығын қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Барлығы 30-ға жуық педагог-психолог, дефектолог, логопед мамандары қатысты.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 04 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін пәндерін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында өңірлік шебер-класс өтті.

Ақтөбе облысының білім беру жүйесін дамыту бойынша жалпы білім беретін мектептер жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сапалы білім берумен қамтамасыз етуде 2023-2029 жылдарға арналған «Тең құқықтар – тең мүмкіндіктер» атты жоба тақырыбында вебинар өткізілді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығында ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Атырау қаласындағы Д.Қонаев атындағы және Әл-Фараби атындағы "BINOM" мектеп-лицейлерінің ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына ұйымдастырылатын "OPEN DAY" шарасының аясында облыстық онлайн семинар өтті. Семинар облыстық білім басқармасының басшысы Ж.Сұлтан, облыстық әдістемелік орталығының директоры Ж.Нургалиеваның, "BINOM" мектеп-лицейінің директоры Ш.Кадырованың және жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының мектеп директорларының қатысуымен ұйымдастырылды.

2024 жылғы 1 наурыз күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінің базасында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Заман талабына сай мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары» тақырыбында облыстық ғылыми-техникалық конференция өтті.

Орта білім беру ұйымдарындағы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметінің келешегін жоспарлау және жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми – практикалық институтының ұйымдастыруымен педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша «Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын дамыту шеңберінде мектеп пен отбасының өзара іс-әрекетін нығайту» тақырыбында өңірлік семинары 1 наурыз күні өтті.

2024 жылғы 29 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Құндылықтарға негізделген білімнің оқу-тәрбие процесіндегі маңызы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Бүгінгі таңда заманауи мектептерде мұғалімдер арасында кең таралған технологиялардың бірі – дебат технологиясы.

     Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Ырғыз» мектептен тыс аула клубының ұлттық спорт үйірмесінің жетекшісі, қосымша білім беру педагогі, ҚР-ның спорт шебері, жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері, Жаналин Әділжан Әлижанұлының озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында «АТ СПОРТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» тақырыбындағы облыстық шебер - класс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні ZOOM платформасында "Оңалту орталық жағдайында денсаулықты сақтау технологияларын тиімді қолдану" тақырыбында онлайн семинар-практикум өткізілді.

2024 жылдың 23 ақпанында «Тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудағы формалар мен әдістер» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні ZООМ платформасында «Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту» тақырыбында онлайн семинар-практикум өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 23 ақпан күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында семинар өтті.

Орталық әдіскері А.А.Искендирова аталған бағдарламаның іске асырылу жолдарына, жалпы жасалынып жатқан жұмыстарына тоқталып, әдістемелік бағыт-бағдар, нақты ұсыныстар берді.

2024 жылғы 21 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе автожол колледжімен және ТжКББ ұйымдарының топ кураторларымен бірлесіп «Жастарды тәрбиелеуде отбасылық құндылықтардың маңызы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22-31 қаңтар күндері аралығында «Ер азамат атына лайық бол!» атты облыстағы білім беру ұйымдарының ұлдар клубының жетекшілеріне арналған байқауы өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  31 қаңтар күні «Үздік педагог-2023» республикалық байқау жеңімпаздарың шебер-класы өтті. 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Д.Халетова сөз алып, жыл сайын «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарының іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында осындай шебер-кластың дәстүрлі түрде өтетіндігін атап өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылғы 25 қаңтарда мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арналған «Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызметін дамыту бойынша квест-технология» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өткізілді.

2024 жылғы 26 қаңтар күні Ақтөбе облысының білім басқармасы мен облыстық әдістемелік орталығының бірлескен жоспарына сәйкес aqtobe-bilim-basqarmasy инстаграм парақшасында тікелей эфир ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді мұғалімнің ролі» тақырыбында облыстық тарих пәні мұғалімдерінің семинары өтті.

2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыты бәсекеге қабілетті түлекті дайындау, адами құндылықтар мен қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыру  болып табылады.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 23 қаңтар күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы білім беру саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.

         Ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында облыстық жоспардың жүзеге асырылуы және тәжірибе алмасу мақсатында «Кітап - сарқылмас қазына» атты онлайн облыстық семинар өтті. 

 «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Балалар және театр» жобасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні  облыстық онлайн семинар – практикумы өтті.

Пікірталас білім беру ортасында шешуші рөл атқарады. Пікірталас сыни тұрғыдан ойлауға, дәлелдеуге, ізденуге, өз көзқарасын білдіруге және басқалардың пікірін тыңдай білуге ​​ықпалдандырады. Пікірталас ақпаратты талдауды, дәлелдерді тұжырымдауды және негізделген шешімдер қабылдауды талап етеді. Бұл қасиеттер тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге әріптестермен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынас жасау барысында пайдалы.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 19 қаңтары күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог- психологтарына арналған «Эмоциялық бұзылуларды анықтау және ерікті эмоционалдық аумақты түзету» тақырыбында облыстық семинар- практикум өтті.

Ағымдағы жылдың 19 қаңтар күні  білім бөлімдеріндегі  психологиялық қызметке жауапты әдіскерлер, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы, облыстық мектеп-интернаттардағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған оқыту семинары өтті. 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының ТЖД-нің Азаматтық қорғаныс басқармасы, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы және Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлердің қатысуымен «Балалар арасында тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу, жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету», «Қысқы кезеңдегі су айдындағы қауіпсіздік тәртібі», «Қысқы кезеңдегі өрттердің себептері және өрт қауіпсіздік шаралары» тақырыптары бойынша 8-10 сынып оқушыларына онлайн форматта интерактивті сабақ өткізілді.

2024 жылы 15 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес «Ерте жүктіліктің алдын алу. Эмоционалды бейнелік терапиясы” тақырыбында педагог-психологтарға арналған облыстық семинар-практикум өткізілді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 9 қаңтарда  №1 Хромтау орта мектебінің базасында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскерлері, білім беру ұйымдарының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар,  тәлімгерлер, сынып жетекшілер, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскер, психологтарына   арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  іске асыру тетіктері мен перспективасы тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Танирбергенова Анар Шынболатовна мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының  бөлім  меңгерушісі  Наренова  Айман Музафаровнаның қатысуымен кездесу өтті. 

2024 жылдың 8 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлескен  «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру тетіктері мен перспективасы» тақырыбында «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры А.Ш. Танибергенованың қатысуымен облыстық семинар өтті.  

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының зерттеушілік, танымдық қасиеттерін, жас ғалымдардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау, ғылыми-танымдық, ізденушілік белсенділіктерін ынталандыру мақсатында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 10 – 25 желтоқсан аралығында III – өңірлік «Жас ғалым-2023» ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өтті.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 6-20 аралығында ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «3D модельдеу – қазіргі заман тренді» жобалар байқауы өткізілді.

2023 жылғы 26 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Нейро – ДЭИ: дене, эмоция, интеллект» тақырыбында облыстық онлайн семинар-кеңесі өткізілді. 

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы зор. 

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні  онлайн форматта аудандық, қалалық білім бөлімдерінің  тәрбие мәселелеріне жетекшілік  ететін әдіскерлерге арналған  кезекті  әдістемелік жедел жады  өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 9 желтоқсан күні №56 мектеп базасында «Ең үздік көшбасшы» тақырыбында пікірсайыс жетекшілері арасында облыстық турнирі өтті.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 9 желтоқсан күні Құрманғазы Сағырбайұлының 205-жылдығына арналған ТжКББ ұйымдарының «Әлеуметтік мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылығы» мамандығының білім алушылар арасындағы «Күй-ғұмыр» атты аспапта орындаушылық жанры бойынша облыстық байқауы өтті. 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Web сайт құру жолдары» облыстық семинар-практикумында облыс педагогтеріне заманауи талаптарға сәйкес келетін web-беттерді құру дағдылары түсіндірілді. 

2023 жылғы 30 қарашада Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің базасында «Өнертабысқа алғашқы қадам» ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында кәсіби байқау өткізді.     

Өскелең ұрпақтың ертеңі үшін мемлекет тарапынан маңызды шешімдер қабылданып, тың бастамалары қолға алынды. ТжКББ ұйымдары білім алушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ынталандыру мақсатында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 15-30 қараша аралығында «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1