Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде онлайн форматта «Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында кезекті облыстық интерактивті сабақ өтті.
Сабақ барысында қатысушыларға кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 165 мектеп, 3707 оқушы қатысты.