Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2012 жылы Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталығы болып құрылды.
Орталықта 7 бөлім жұмыс жасайды:
- «Мектепке дейінгі және жалпы орта, инклюзивтік білім беру бөлімі»
- «Техникалық және кәсіптік білім және кәсіби бағдар бөлімі»
- «Қосымша білім беру және тәрбие бөлімі»
- «Баспа бөлімі»
- «ІТ технология бөлімі»
- «Ақпараттық бөлімі»
- «Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімі»
Ғылыми-тәжірибелік орталықтың әдістемелік мәселесі: облыс педагогтерінің инновациялық кадрлық ресурстарын жұмылдыру: жобалау, ұйымдастыру, қызметін сараптау болып табылады.
Мақсаты: педагог кадрлардың өз білімдерін үздіксіз жетілдіруіне, ғылыми-теориялық деңгейін және кәсіби шеберлік әлеуетін жоғарлатуына әдістемелік және психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер анықталды:
- ғылымға негізделген, қоғамның инновациялық, зияткерлік және рухани әлеуеті болып табылатын педагогтердің жеке шығармашылық тұлғасын дамыту арқылы өз білімін үздіксіз жетілдіру жүйесін құру;
- инновациялық, эксперименттік жұмыстарға, зерттеу жобаларына қызығушылығын арттыру, тьюторлық мектептермен қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестік ассоциациясын, педагогтердің электрондық портфолиосын құру;
- педагог кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мақсатында әдістемелік қызметті жариялауды кеңейту;
- лабораториялар, шеберханалар, педагогтердің шығармашылық топ жұмыстары, ғылыми жобалау және т.б. қызметтерін енгізу арқылы әдістемелік жұмысты, ғылыми-әдістемелік қызметке айналдыруды жүзеге асыру;
- педагогикалық проблемаларды шешу: мемлекеттік білім беру стандартының орындалуы, біліктілігін арттыру, өз пәнінің әдістемесін жетілдіру, психологиялық-педагогикалық қолдау, педагогикалық өнімге сараптама және облыстық консалтингтік қызметті құру;
- шағын жинақты мектептер мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін, білім беру корпустары әкімшілігінің, олардың инновациялық әлеуетін белсенділендіруде әдістемелік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұстаздардың тәжірибелерімен алмасу, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, бірлескен жобаларды сәтті іске асыру мақсатында Орынбор облыстық педагогикалық университеті, Астана қаласы «Келешек» психологиялық орталығы, Отбасылық тәрбие беру институты, Қызылорда облыстық оқу орталығы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы Ақтөбе қалалық филиалы, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектептерімен серіктестік және ынтымақтастық негізінде жұмыстар жасайды.
Орталықта облыс педагогтері өздерінің педагогикалық тәжірибелерін тарату мақсатында әдістемелік жинақ, брошюралар мен электрондық орталарды шығарады және айына 1 рет шығатын «Ақтөбе ұстазы» облыстық мұғалімдер газетіне, тоқсанына 1 рет шығатын «Педагогикалық шолу», «Заманауи білім берудегі ШЖМ» журналдары беттерінде мақалаларын жариялайды.
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық білім басқармасының бұйрығы негізінде 17 пән бойынша құрамына 300 үздік мұғалімі бар пәндік ассоциациялар жұмыс жасайды.
Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын жүзеге асыру және балаларға қашықтан білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру мақсатында облыстық жобалар жүзеге асырылуда:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020-2021 жылдарға арналған «Қоғам құндылығы» арнайы жобасы шеңберінде «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет» жобасы;
- қоғамда әр баланың өз орнын тауып бейімделуіне, толыққанды тұлға болып дамуына үлес қосу, жастарды мәдениетті тұлға ретінде тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында құрылған «Кемел адам» жобасы;
- Ақтөбе облысы бойынша жастар мен балаларға қашықтан оқыту мен тәрбие беруді ұйымдастырудың тұжырымдамасы бойынша «Бірыңғай ата-ана сағаты» жобасы;
- Шағын жинақты мектептерде білім сапасын көтеру бойынша Ресурстық орталықтарда «Педагогтерге мобильдік көмек» жобасы;
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» Ақтөбе қ. филиалымен бірлескен «Жас қанат» облыстық макрожобасы;
- 2012-2016 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Н.М.Абишева болды.
- 2017-2020 жылдары Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Б.С.Джармагамбетова болды.
- 2020-2021 жылдары Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директорының міндетін Д.У.Жаманбаева атқарып келді.
- 2021-2022 жылдары Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Д.У.Жаманбаева
- 2022-2023 жылдары Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директорының міндетін атқарушы Ж.Б.Скакова
- 2023-2024 жылдары Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Ж.Д.Нургалиева
- 2024 жылдың 4 мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Г.М.Аяпова