Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығында ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Атырау қаласындағы Д.Қонаев атындағы және Әл-Фараби атындағы "BINOM" мектеп-лицейлерінің ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына ұйымдастырылатын "OPEN DAY" шарасының аясында облыстық онлайн семинар өтті. Семинар облыстық білім басқармасының басшысы Ж.Сұлтан, облыстық әдістемелік орталығының директоры Ж.Нургалиеваның, "BINOM" мектеп-лицейінің директоры Ш.Кадырованың және жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының мектеп директорларының қатысуымен ұйымдастырылды. 

Семинарда Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Ж.Сұлтан алғы сөз алып, "BINOM" мектебі білім алушыларға қолжетімді әрі сапалы білім беруге арналған білім ордасы екендігін атап өтті.

"BINOM" мектеп-лицейінің директоры Ш.Кадырова "OPEN DAY" шарасы және ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына арналған құнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, облыстық семинар барысында №65 ЖББОМ директоры М.Жантурина психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін және педагог-ассистенттің жұмысының маңыздылығын айтты. 

Ерекше білімді қажет ететін балаларды жеке дамыта оқытудағы әртүрлі мәселелері жөнінде семинар қатысушылары арасында қызу пікірталас туындап, өзекті мәселелер талқыланды.

Семинарға қатысушылар кері байланыс жасап, ұсыныстар айтып, өз ойларымен бөлісті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1