Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған интерактивті сабақтарды өткізу бойынша бірлескен жоспары негізінде онлайн форматта «Суға бату кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету», «Жазғы кезендегі судағы мінез-құлық ережелері», «Өртсіз демалыс. Жазғы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі шаралары» тақырыптары бойынша 8-10 сынып білім алушыларына онлайн форматта облыстық интерактивті сабақ өтті.
Ақтөбе қаласы ТЖБ Азаматтық қорғаныс тобының офицері лейтенант Амангелді Бекзат Айнабекұлы, Ақтөбе қаласы ТЖБ бас маманы Азаматтық қорғау майоры Досжанова Дина Жаңбырбайқызы су және өрт қауіпсіздіктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында қатысушыларға кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды. Интерактивті сабаққа облыс бойынша 134 мектеп, 2707 оқушы қатысты.