2024 жылғы 5 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе автожол колледжімен бірлескен «ХХІ ҒАСЫР: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ЖАҢА ТАЛПЫНЫСТАР» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінің шығармашылық ізденісін, зерттеушілік, танымдық қасиеттерін дамыту.
Конференцияға Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан барлығы 300-ден аса жұмыс түсті. 120-дан астамы колледж қабырғасында оффлайн форматта қорғалды.
Конференция «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер», «Жаратылыстану және математика ғылымдарындағы қол жеткен мүмкіндіктер мен өзекті мәселелер», «Адам капиталының сапасын арттыруда әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселесі» бағыттары бойынша жұмыс жасады.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымдарынан құралған әділ қазылар алқасы: Нурмуханова Г. Е. п.ғ.к., экология кафедрасынын доценті, Байганова А.М. п.ғ.к., информатика және ақпараттық технология кафедрасының доценті, Сулейменова Г.Ж. т.ғ.к., география және туризм кафедрасының аға оқытушысы, Иргалиева И.С. п.ғ.к., математика кафедрасының аға оқытушысы, Иманчиев А.Е. ф.-м.ғ.к., математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Аман А.Б. тарих ғ.к., тарих факультетінің деканы, Науразбаев М.А. т.ғ.к., көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Куанышев М.К. т.ғ.к., көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс кафедрасының қауымдастырылған профессоры қатысушылардың жұмыстарын бағалап, төрелік етті.
Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!!!
https://drive.google.com/drive/folders/1H6IJobBSJpbx8-wJMvFxyMSd9GtKZlEi?usp=sharing