Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары негізінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №294 бұйрығына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық мектеп лигасы» жобасын жүзеге асыру бойынша облыстық онлайн семинар-практикумы өтті. Шараға 100-ден астам білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.
«Ұлттық мектеп лигасы» жобасы сапалы ұлт болашағын қалыптастырудағы жеке тұлғаның салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін арттыру, дене шынықтыруды кеңінен насихаттау мақсатында жүргізіледі.
Спикерлер өздерінің білім беру ұйымдарының табысты жобаларымен бөлісіп, «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламаларын енгізудің үздік тәжірибелерін ұсынды. Балалармен жұмыс жасауда нақты кеңестер мен ұсыныстар берілді.
Педагогтер пікірталастарға белсене қатысып, сұрақтар қойып, әзірлемелерімен бөлісті.