Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының №77 жалпы білім беретін орта мектебінде «Ерекше білім берудегі ұжымдық процестер мен оқыту әдістері» тақырыбында облыстық шебер-класс ұйымдастырылды.  

Мақсаты - жалпы білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту барысындағы ұжымдық процестермен және оқыту әдістерімен бөлісе отырып тәжірибе алмасу.  

      Іс-шараға 30-ға жуық жалпы білім беретін орта мектеп педагогтері, психологтары, логопедтері, дефектологтары қатысты. 

Келген қонақтармен танысу мақсатында мектеп психологы К.Аязбаева   «Көздің кординациясын тұрақтандыру» кинезиологиялық жаттығуын жүргізді. 

Шебер-класс барысында №77 жалпы білім беретін орта мектебі   директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Утенова «Ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасау және қолдау», бастауыш сынып мұғалімдері Д.Нуртаза және А.Есентаева «Жасанды интеллектінің инклюзивті білім берудегі маңызы», химия, биология пәндерінің мұғалімі Ж.Койшигулова  «Тыныс алудағы заттар күйі», педагог-психолог С.Батенова «Асық терапиясы арқылы баланың ақыл-ойын дамытудың маңызы», логопед А.Алдиярова және дефектолог Б.Садықова «Сиқырлы бояу және әуен әлемі», көркем еңбек пәні мұғалімдері М.Жұмакулова және Р. Балмуратова «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың қол моторикасын дамыту» тақырыптарында шеберлік сағаттарын өткізсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жумагазина оқушылардың қолдарынан жасалған бұйымдар көрмесімен таныстырды.

Шара соңында директордың ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Кармысова және С.Басауова «WhatsАpp- чемодан» әдісі арқылы қатысушылармен кері байланыс жасады.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1