Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Дощанова Гулдана Хайрханқызының «Бастауыш сыныпта оқытуда жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттыру» тақырыбында облыстық шеберхананың ІІІ отырысы онлайн тәртібінде өтті. Отырысқа облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Шеберхана отырысы «Дыбыстық жаттығу» тренингімен басталды. Шеберхана жетекшісі Гулдана Дощанова бастауыш сынып оқушыларының математика, жаратылыстану сабақтарында дивергентті ойлауын қалыптастыру жолдарын саралай отырып, таныстырылым жасады. Практикалық бөлімінде түрлі логикалық, зерттеушілік әдіс-тәсілдермен бөлісті. Шеберхана мүшелері өз сабақтарында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерді ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.

Отырыс соңында «Үш сөзім» тәсілі арқылы кері байланыс жасалып, шеберхана жұмысы қорытындыланды. Қатысушылар жылы лебіздерін білдірді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1