2024 жылдың 19-наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы Мария Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Раева Айна Жылкыбаевнаның «Бастауыш білім беру жүйесінде STEAM технологиясын қолдану» тақырыбындағы облыстық шеберханасының IIІ отырысы «ZOOM» платформасында өтті. Шеберхана отырысына облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдеріне математика, қазақ тілі, жаратылыстану сабақтарында STEAM технологиясы арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, белсенді оқыту әдістерімен таныстыру.
Шеберхана жетекшісі Айна Раева психологиялық орта құру мақсатында «Менің портретім» тренингінен бастап, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда STEАM технологиясын сабақта қолдану жолдарымен таныстырды.
Тәжірибелік бөлімінде шеберхана мүшелері Қобда ауданы Исатай Тайманов атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Гулбакыт Сармантаева математикалық сауаттылыққа бағытталған есептерді оңай шешу жолдарын көрсетсе, Ақтөбе қаласы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Асель Аниева математика және жаратылыстану сабақтарында STEАM технологияларын тиімді пайдалану туралы өз тәжірибелерін ортаға салды.
Отырыс соңында шеберхана қатысушылары «ҮШ-ЕКІ-БІР» кері байланысын жасап, алғыстарын білдірді.