Ағымдағы жылдың 19 қаңтар күні  білім бөлімдеріндегі  психологиялық қызметке жауапты әдіскерлер, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы, облыстық мектеп-интернаттардағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған оқыту семинары өтті. 

Семинардың модераторы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары  Д.К.Халетова, облыстық жобалардың маңыздылығы мен  күтілетін нәтижесіне мән берді. 

Психологиялық – әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі, М.К.Жубандыкова облыстық жобалардыңың мақсаты мен  міндетін,  жүзеге асыру  форматын түсіндіріп,  күтілетін нәтижесінің өзектілігін тоқталды.

 “Сенім. Тірек. Кеңістік”  жобасының мақсаты - облыстың жалпы білім беретін мектептері мен ТжКБ ұйымдарында  педагог-психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету үшін  мобильді орталық құру.

“Үйлесімділік” облыстық жобасының мақсаты - ата-ана, бала және педагогтер арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыру, эмоционалдық интеллектіні дамыту негізінде психологиялық сау ұрпақты өсіру, балалардың мазасыздануын төмендету.

Психологиялық- әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері, педагогика магистрі, С.Б.Байдуашова «Болашаққа жолдама» үздіксіз кәсіби бейімдеуге бағытталған облыстық жоба бойынша психологиялық қолдау көрсету ерешеліктерін түсіндірді.  

Жобаның мақсаты білім беру жүйесінде кәсіби жоғары деңгейде өзін көрсетуге дайын білімді де саналы адамды, алған білімі мен дағдысын қолдана алатын тұлғаны тәрбиелейтін орта құру.

Семинар соңында  сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді және жобаны бірлесіп жүзеге асыруға ұсыныстар берілді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1