Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 19 қаңтары күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог- психологтарына арналған «Эмоциялық бұзылуларды анықтау және ерікті эмоционалдық аумақты түзету» тақырыбында облыстық семинар- практикум өтті.

Семинарға қатысушылардың психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында эмоционалдық тренингтен басталды. 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі М.К.Жұбандықова өзінің алғы сөзінде эмоциялық бұзылулардың белгілері, жасөспірімдік шаққа тән мінез-құлықтағы өзгерістер туралы ой қозғап, бала кезіндегі аурулар мен күйзелістер, интеллектінің дамуындағы кедергілер себептерінен туындайтынына тоқтап айтты.

Шара барысында «Эмоциялық бұзылулары бар жасөспірімдерді қолдау және көмектесу әдістері» тақырыбында бөлімінің әдіскері М.Т.Сарсенгалиева жасөспірімдердің өмірінде пайда болу себебі, бұзылуларының түрлері туралы түсіндірме жүргізіп, анықтау диагностикасы мен түзету-дамыту жұмыстарына мән берді. Қатысушылар практика жүзінде «Көңіл-күйді бағалау» тест-сауалнамасына жауап беріп, «Өзіндік бағалау», «Гүл» арттерапиялық, Денелік жаттуғыларын, «Аяқталмаған сөйлем», К.Юнгтың «16 ассоциациясы» тапсырмаларын орындады.

Семинар соңында қатысушыларға «Колледждің бірінші курс студенттерінің бейімделуін психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламасы» әдістемелік құралы, «Стресс», «Жасөспірім мен бала агрессиясы» тақырыбында жадынамалар таратылып, сертификаттар табысталды.

Ашық диалогтық алаң өткізіліп, қатысушылар ой бөлісіп, кері байланыс берді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1