Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары негізінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №294 бұйрығына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Еңбегі адал жас өрен» жобасын жүзеге асыру бойынша ағымдағы жылдың 27 наурыз күні облыстық онлайн семинар-практикумы өтті.

Аталған шараға 100-ге жуық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба еңбек адамының мәртебесін көтеруге, еңбекке табынушылықты дәріптеуге бағытталады. Жоба шеңберінде білім алушылардың кәсіптік бағдарын анықтауға қолдау көрсетуді, өз міндетін адал және жауапкершілікпен атқаруға баулуды және еңбек адамын құрметтеуге үйретуді көздейді.

Спикерлер өздерінің оқу орындарында «Еңбегі адал жас өрен» жобасын сәтті жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

Балалармен жұмыс жасауда нақты кеңестер мен ұсыныстар берілді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1