Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» тақырыбында шебер-класс өткізілді.

Шебер-класс барысында «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған шараға Ақтөбе қаласының жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш класс мұғалімдері мен класс жетекшілері арасынан барлығы 25 мұғалім қатысты.

Орталық директоры А.Испанова мекеме жұмысының бағыттарына (ерте колдау бағдарламасы; оқыту дағдыларын дамыту; өмірлік дағдыларын дамыту; интенсивті курс; әлеуметтік дағдыларын дамыту; Jasper) тоқталды.

Сонымен қатар, autism-орталығының мамандары (Г.Кульмагамбетова, М.Боярская, А.Байкадамова) аутизмі бар балалардың ата-аналарымен жұмыс түрлерін көрсетіп, қатысушылармен тәжірибелік ойындар ұйымдастырды.

Қатысушылар autism-орталығының мамандарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. 

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының тарапынан өз іс-тәжірибесімен бөліскен "Асыл Мирас" аутизмі бар балаларды қолдау орталығының мамандары алғыс хаттармен марапатталды. 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1