«Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру жол картасы аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті. Байқауға қалалық, аудандық кезеңінің жеңімпаздары – 11 педагог қатысты.
Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың жаңа, заманауи тәсілдерін іске асыру үшін үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде
– Қолдауова Ақниет Нұрлыбайқызы, Алға ауданы №2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі;
І орын
– Кусмагамбетова Улпан Рамазановна, Қобда ауданы «Шұғыла» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;
ІІ орын
– Абдрахманова Гүлжахан Дауылбаевна, Ойыл ауданы «Балдырған» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі;
– Тілеген Жайнагүл Ғалымжанқызы, Шалқар ауданы «Еркемай» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі;
ІІІ орын
– Кожаниязова Любовь Александровна, Ақтөбе қаласы №38 «Әлем» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;
– Алтыбаева Сабила Темирбаевна, Мәртөк ауданы, №1 «Тополёк» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;
– Искакова Райла Жанабергеновна, Мұғалжар ауданы, «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.
Номинациялар бойынша:
«Іскер педагог»
– Санакаева Алия Койшыбековна, Байғанин ауданы «Шаттық» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;
«Креативті педагог»
– Канапина Мөлдір Мерекеқызы, Хромтау ауданы «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасы;
«Жаңашыл педагог»
– Алдашева Лаззат Жангельдиевна, Қарғалы ауданы «Бөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;
– Мусина Мөлдір Елемесқызы, Ырғыз ауданы «Балдырған» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.
Өңірлік кезеңнің жеңімпазы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
Мурзагулова М.Т. – Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері