2024 жылдың 17 мамыр күні «Білім беру жағдайында тәрбие жұмысын жүргізу әдістемесі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға Байғанин ауданы бойынша 56 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.
Семинар аясында келесі мәселелер қаралды:
- «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру;
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру;
- Білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асырудың тиімді жолдары;
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніңдегі Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.
А.М. Наренова, Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің жетекшісі