2024 жылдың 12-13 желтоқсан күндері Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйым  мамандары «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысындағы білім беру саласының үздік тәжірибелерімен танысты.

Тәжірибе алмасудың бірінші күні «Өсу  нүктелері» болып бекітілген мектепке дейінгі ұйымдардың 5 құзыреттілік орталықтарында басталды.

Шара қонақтары жетекші мектепке дейінгі мекемелерді аралап, ұйымдастырылған іс-шараларына қатысып, балабақшалардағы оқу-тәрбие үрдісімен, заманауи ойын технологияларымен, сондай-ақ ата-аналар жұмысымен танысты.

Тәжірбе алмасудың екінші күні Ақтөбе қаласындағы №39 «Достық» бөбекжай–балабақшасында дөңгелек үстелмен жалғасты. Дөңгелек үстел барысында мектепке дейінгі ұйымның сапалы білім беру қызметінде озық тәжірибе тарату, білім беру сапасын арттыру, инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану арқылы баланың танымдық қабілеттерін дамыту тақырыптарында практикалық жұмыстар көрсетілді.

Іс-шараның қорытындысы ретінде қатысушылар білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеп, алдағы уақытта қолдануға болатын нақты қадамдарды белгіледі.

Осындай тәжірибе алмасу екі облыс педагогтерінің кәсіби деңгейін арттыруға, білім беру сапасын жақсартуға және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосты.

 

Орындаған: А.А.Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталық әдіскері

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1