Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Шалқар ауданының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылды. «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы шара аудандағы «Болашақ» бөбекжай – балабақшасының базасында өтті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатын көздеген семинарда осы балабақшаның тәрбиешілері өз іс – тәжірибелерімен бөлісті. Сәнім Кенжетайқызы Боздақова «Біз ауылға барамыз» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс – әрекетінде заманауи шанақ құрылғысын қолдану тәсілін көрсетіп, балалар сазбалшықтан мүсіндеу жұмысын жасады. Гүлайым Қожахмет – Ястауиқызы Қоқашева «Шеберхана» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекетінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша «Өнегелі 15 минут» аясында ата – анамен бірлесе жұмыс жасады. Әкесі қамшы өріп, анасы кесте тоқу жұмыстарын тәрбиеленушілермен қосылып жасады.

Тәжірибелік бөлімінде балабақшаның музыка жетекшісі Балсара Жақсылыққызы Сүлейменова «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін жаңашыл әдістер арқылы дамыту» тақырыбында іскерлік-ойын  ұйымдастырып, өзінің озық жұмыстарымен бөлісті.  Сондай-ақ ата – аналар мен балалардан құралған оркестр жұмысын қатысушыларға ұсынды. Балабақша әдіскері Маржан Ергазиевна Жаркынбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Балабақша психологы Самал Жолдасбайқызы Жиренова «Өз есіміңді тап» тренингін ұйымдасырып, семинарды қорытындыланды.

 

  Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалынып, қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1