Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Ырғыз» мектептен тыс аула клубының ұлттық спорт үйірмесінің жетекшісі, қосымша білім беру педагогі, ҚР-ның спорт шебері, жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері, Жаналин Әділжан Әлижанұлының озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында «АТ СПОРТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» тақырыбындағы облыстық шебер - класс өткізілді.

     Шебер - класқа облыстың қалалық, аудандық жалпы білім беретін орта мектептердің және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың спорт (ұлттық) үйірмесінің жетекшілері мен білімалушылары қатысты.

     Шебер - класс барысында «Ат спортының тарихы», «Ат спорты және оның ерекшеліктері», «Ат спортындағы аттың бабына қойылатын талаптар», «Ұлттық ат ойындарының маңызы» (топ бәйге аударыспақ, жамбы ату көкпар, теңге ілу, ат омырауластыру, жорға жарысы), ат спорты түрлеріне байланысты әдіс-тәсілдерінде теориялық білім мен тәжірибелік шеберліктерін көрсетті.

     Шебер - класқа қатысушылар кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісті.     

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1