Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді мұғалімнің ролі» тақырыбында облыстық тарих пәні мұғалімдерінің семинары өтті.
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіндегі педагогтің кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізін айқындау, тарих пәнін табысты оқытудың тиімділігі мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты тиімді өткізу жолдарымен іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Офлайн және онлайн форматында өткен семинарға 50-ден астам мұғалім қатысты.
Семинар барысында Алға ауданының тарих пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Бестамақ орта мектебінің мұғалімі Р.М.Дуйсенбаева «Тарих сабақтарында тарихи концептілерді қалыптастыру» және В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің мұғалімі Г.К.Буханова «Исследование урока – процесс совершенствования практики преподавания и обучения» тақырыптарында шебер-класс өткізді. Сондай-ақ Алға мектеп-гимназиясының мұғалімі Ж.Г.Куленкеев, №3 Алға қазақ орта мектебінің мұғалімдері Н.Шындаулет пен К.К.Жолдасов «Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы – көрнекі құралдарды тиімді пайдалану» тақырыбында ықшамдалған сабақ көрсетті. Ақай орта мектебінің мұғалімі Д.Т.Кожаниязова «Оқушылардың белсенділігін арттыруда, заманауи әдістердің тиімділігі» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. №3 Алға қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Р.Ж.Айтжанова «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Педагогтердің шығармашылық дамуына, құзіреттіліктерді дамытуға бағытталған семинарда «Ашық микрофон» әдісі арқылы қатысушылармен кері байланыс жасалды.
Искендирова А.А. – АОӘО-ның мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері