Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақшасы» базасында жалпы орта білім беру және арнайы білім беру ұйымының логопедтеріне арналған «Логопедиялық ассорти» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті. Шара заманауи әдістер мен технологияларды талқылау, логопедиялық жұмысты жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

«Ақбота» арнайы балабақша меңгерушісі Ж.Ж. Измаева арнайы білім беру ұйымдарында заманауи әдістер мен технологияларды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның ішінде цифрлық платформалар, жасанды интеллект және ойын элементтері арқылы балалардың сөйлеу қабілетін дамытудың тиімділігіне тоқталды.

Шебер-класс барысында төмендегі «Ақбота» арнайы балабақшасының педагогтері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

- «Цифрлық кеңістіктегі заманауи логопед» тақырыбында логопед Р.Б.Нугметова;

-  «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балалардың жалпы және сөйлеу дамуының сандық мониторингі» тақырыбында логопед Н.Н.Кенжебаева;

- «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс кезінде жасанды интеллектіні тиімді қолдану» тақырыбында дефектолог С.С.Сарбас, тифлопедагог А.К.Куйкенова;

- «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балалардың әлеуметтік бейімделуі мен нейродамуы» тақырыбында психолог А.К.Суликанова;

- «Естіп қабылдауды қарқынды дамытудың геймификациясы» тақырыбында логопедтер Н.Н.Кенжебаева,  Д.Е.Сақтапова;

- «Әлемдік  және отандық деңгейдегі логопедияның қызметі» тақырыбында дефектолог А.Н.Телеш. 

Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының атынан Алғыс хаттар табысталды.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1