Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының ТЖД-нің Азаматтық қорғаныс басқармасы, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы және Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлердің қатысуымен «Балалар арасында тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу, жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету», «Қысқы кезеңдегі су айдындағы қауіпсіздік тәртібі», «Қысқы кезеңдегі өрттердің себептері және өрт қауіпсіздік шаралары» тақырыптары бойынша 8-10 сынып оқушыларына онлайн форматта интерактивті сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды. Аталған интерактивті сабаққа облыс бойынша 1650 оқушы қатысты.