Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибе» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберхана отырысы өтті. Шеберхана отырысы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Д.К.Халетованың алғы сөзімен бастау алды.

Семинар барысында: «Даналық мектебі – тәрбие тірегі», «Этно бренд» шеберлік сағаттары, «Өмірімдегі ең құрметті адам» тренингі, «Ұлттық құндылық – ұлттың қазынасы», «Әдептілік, ар-ұят адамдықтың белгісі» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Караоке Party» дуэт сабақтары, «Достық. Адалдық. Ұрпақтар сабақтастығы» Booktalk Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын балаларға қызықтыра оқытудың әдістерімен бөлісті.

Облыс көлемінде іс-тәжірибелерін тарату мақсатында Байғанин ауданы Қ.Мұхамбетқалиұлы атындағы орта мектеп гимназиясының интернат тәрбиешісі Ж.Куптлеуова, Темір ауданы Қопа жалпы білім беретін мектебінің тәлімгері А.Ерқұл өз жұмыстарымен бөлісті.

Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалынды. 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1