Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында облыстық мамандандырылған лицей-интернат психологтарының іс-тәжірибесінен "Саналы мотивация. Қажеттілік. Іс-әрекет" тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумның алғы сөзін Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директор орынбасары Д.К.Халетова ашты және психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі М.К.Жұбандықова семинарға модераторлық етті.

Шара барысында: 

- "Бүгінгі тұлға неге мотивацияға мұқтаж?" /А.У.Музеева, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының психологі/;

- "Мақсатқа жетудегі ұмтылысты ояту" /К.К.Жантикенова, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының психологі/;

- "Тұлғаның мотивациялық сферасы" /М.К.Истигулова, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының психологі/, тақырыптарында саналы мотивацияны дамытуға, өз кезеңінде алға дұрыс мақсат қоюға, сенімді болуға бағыттайтын практикалық тәжірибелі, сапалы жұмыстарын ұсынды.

Семинар-практикум аясында қатысушылармен кері байланыс жасалып, бүгінгі семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына оң баға беріліп, әдістемелік құрал, электронды орта таратпа материалдары үлестірілді.

Семинар-практикум қатысушыларына сертификат табысталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1