Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні ZООМ платформасында «Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту» тақырыбында онлайн семинар-практикум өтті.

Шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, логопед, арнайы педагог (дефектолог), психолог мамандары қатысты.

Семинар-практикум барысында Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы жанындағы қысқа мерзімді диагностикалық топ мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту, сондай-ақ балалардың әлеуметтенуіне қолайлы жағдай жасау дағдылары қарастырылып, жаңа әдіс-тәсілдерді түсіндіру үшін практикалық жаттығулар мен демонстрациялар ұсынылды.

Қатысушылар ерекше білім қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда қолдануға болатын түрлі әдістер мен бағыттарды көріп, тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

ПМПК меңгерушісі Гүлсім Каражанова шара барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп,  қатысушылармен тың ақпараттармен бөлісті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1