Ағымдағы жылдың 19 маусым күні Ақтөбе облыстық білім басқармасы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Хатшылығы ұйымдастыруымен әкелер күніне арналған «Әке – отбасының тірегі» атты облыстық форум өтті.

Мақсаты: Әкелер институтын нығайту, олардың отбасындағы рөлін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Форум Облыс әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлының алғы сөзімен бастау алды. Ғ.Елеуов әкелер күнімен құттықтап, облыстағы әкелердің жетістіктері мен ұрпақ тәрбиелеуде кездесіп жатқан мәселелерге тоқталып өтті.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Құлымов Қайсар Жазықбайұлы «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі»; «Қазақстанның әкелері» Республикалық әкелер Қоғамдастығының өкілі, №41 мектеп-гимназия әкелер кеңесінің төрағасы, кітапнасихаттаушы Жасұлан Қазгелдіұлы «Отбасымен кітап оқу, талдау мәдениетін қалыптастыру»; Ферроқорытпа зауытының бригадирі, балқытушы Айдарбек Мақатов «Отбасындағы тәртіп және еңбектің пайдасы»; Ақтөбе облысы бойынша «Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының» Президенті Елдесов Арман Тілепұлы «Қайырымдылық – әрбір азаматтың міндеті» туралы және 28 баланың әкесі, Үлгілі әке Өмірхан Жетесов бала тәрбиелеудегі іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Шара барысында Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана институтын нығайту және қоғамдық істерге белсене араласып, көпке үлгі боларлық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген, үлгілі 19 әке облыс әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Ғ.Елеуовтің Алғыс хатымен су тасқыны кезінде халыққа қолдау көрсеткен 19 еріктілер марапатталды.

Форум аясында әкелердің қолымен жасалған қолөнер бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Салтанатты шара әкелердің құрметіне арналған ән-жырлармен ұласты.

Облыстық әкелер форумына Ақтөбе облысы бойынша 350-ден астам әкелер қауымы қатысты.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1