Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Смадиярдың «Құндылыққа негізделген мектеп» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберханасының 2-ші отырысы өтті.

          Шеберхана жұмысының жоспарына сәйкес шеберхана жетекшісі К.Смадияр тәрбие құндылықтарын сынып сағаттары арқылы жүзеге асыру, қазіргі кезеңдегі оқушылардың қызығушылықтарына жауап беретін тәрбие сағаты қандай болу керек тақырыптарында өз тәжірибесімен бөлісті.

          Даналық мектебінің жетекшісі Б.Сейтенова «Ата кәсібі – берекенің бастауы», «Әжем үйреткен киіз басу» тақырыптарында аталар мен әжелер клубының шеберлік сағаттарын көрсетті.

7 класс кураторы А.Серекеқызы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес әкелер клубының мүшелерімен өткізген "Әке жолы – ізгіліктің іздері" тәрбие сағатымен бөлісті, сабақ барысында пайдаланған әдіс-тәсілдерді ұсынып, тәжірибе алмасты.

Семинарға қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарға жауаптар берілді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1