Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 12-сәуірінде «Эмоционалдық құзыреттілік» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған шебер-класс өтті.

Қазіргі заманғы педагог-психологтың эмоционалдық құзыреттілігінің мәнін және оны қалыптастыру жолдарын, сонымен қатар олардың кәсіби қызметтегі рөлі қарастырылды. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Д.Халетова шараны ашып, психологиялық қызмет көрсетуде эмоционалдық құзыреттіліктің өзектілігіне мән беру керектігін айтты.

Орталықтың психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі М.Жубандықова – педагогикалық ұжымға психологиялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ, білім алушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетуде эмоцияны басқара білу, реттеу және күйзеліске ұстамдылықты қалыптастыру әдіс-тәсілдерін игеру қажеттілігін айқындады.

Бөлімнің әдіскері, психология ғылымдарының кандидаты, Ph.D. А.Миралиева базалық эмоцияларды реттеу тәсілдері мен механизмдерін анықтап, іс-тәжірибеде пайдалану жолдарын көрсетсе, С.Байдуашова, бөлім әдіскері, педагогика магистрі «Копинг-стратегия» түрлері мен күйзелістің алдын-алу жолдарына тоқталып, өмірлік жағдаймен байланыстырды.

Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, сертификаттар табысталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1