Ақтөбе облысының барлық мектептерінде ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні 1-11 сынып білім алушылары үшін «Менің Отаным – Қазақстан» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт-саналарынан хабардар ету. Балаларды елін құрметтеуге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, тату-тәтті бейбітшілік өмірімізде бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
Сынып сағаттарында білім алушылар тарихи деректерді еске ала отырып, мемлекеттің қалыптасуы, тәуелсіздік жолындағы қадамдар туралы пікір таласып, өз ойларын ортаға салды.