2024 жылы 15 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес «Ерте жүктіліктің алдын алу. Эмоционалды бейнелік терапиясы” тақырыбында педагог-психологтарға арналған облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумның алғы сөзін психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистрі М.К.Жубандыкова ашып, «Балаларға жыныстық тәрбие берудің маңыздылығы» тақырыбында Балаларға жыныстық тәрбие беру дегеніміз не? Неліктен жыныстық тәрбие маңызды? Бала тәрбиесін қашан бастау керек? деген сұрақтарға жауап беріп, ой өрбітсе, осы бөлімнің әдіскері, магистр С.Б.Байдуашова “Жасөспірім өміріндегі алғашқы махаббат” тақырыбында бейне-роликтер арқылы ата-ананың тарапынан көрсетілетін қолдауларға ұсыныстар берілді. Бөлім әдіскері, магистр М.Т.Жасжанова “Ашық әңгіме” тақырыбында психодрама терапиясындағы “Шынайы үй” отбасы техникасымен бөлісті және ерте жүктілікті алдын алу кезіндегі ережелермен таныстырды.
Семинар-практикумды Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры орынбасары Д.К.Халетова қорытындылады. Ерте жүктіліктің алдын алу, зорлық-зомбылық, жыныстық тәрбие отбасындағы қарым-қатынастан басталандындығын және педагог-психолог баланың жанын тану кезінде ерекше роль атқаратындығына көңіл бөлу айтылды.
Семинар соңында облыстық педагог-психологтар кері байланыстарымен бөлісті. Мамандарға сертификат табысталды.