2024 жылдың 19 шілде күні жастар арасында ойынға тәуелділіктің және заңсыз құмар ойындардың алдын алу бойынша «Ойынға тәуелділік» атты ақпараттық сағат Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтті. Шара барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері, психология ғылымдарының кандидаты, Ph.D А.Ж.Миралиева жастарға құмарлықтан арылып, оның алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы ақпарат беріп, тренинг өткізді.
Шара соңында ашық диалог алаңы құрылып, ұсыныстар қабылданды.