2024 жылдың 8 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлескен  «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру тетіктері мен перспективасы» тақырыбында «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры А.Ш. Танибергенованың қатысуымен облыстық семинар өтті.  

 Аталған семинар  онлайн және офлайн форматта өткізіліп, оған әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлер, мектеп және колледж директорлары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, колледж кураторлары, МДҰ меңгерушілері, тәрбиешілер, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер қатысты. Қамтылған қатысушылар саны 1000-нан астам (офлайн -140, онлайн-860)

Семинар барысында көрме жұмысы ұйымдастырылды. Психологиялық қызметтің бағыты бойынша бейнероликтер көрсетіліп,«Жан сыры» психологиялық консультация кабинетінің жұмыстарына тоқталды. Әдістемелік құралдар, жадынамалар таратылды. Көрмеде психодрама, НЛП (нейролингвистикалық бағдарлау), трансформациялық ойындар және МАК (метафоралық ассоциативті карточкалар) бағыттары бойынша шебер кластар көрсетілді. Шебер класс барысында Білім басқармасының басшысы Жайық Исаұлы облысымыздың қиын жағдайға тап болған білім алушыларға және олардың отбасына аса назар аудару қажеттігін атап өтті. Үштік одақтың тығыз жұмыс жасалуына тоқталды.

Семинар барысында: 1.Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Сұлтан Жайық Исаұлы алғы сөзінде Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігі мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайдың екінші отырысындағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» әзірленгендігі туралы және Ақтөбе облысы 1 қыркүйектен бастап, облысымызға қарасты барлық білім беру ұйымдарына енгізілгендігі туралы атап өтті. Қазіргі әлемге жылдам өзгерістер, жаһандық тұрақсыздық, әртүрлі сын- қатерлер тән. Интернет кеңістігі баланың тәрбиесі мен мінез-құлқына, әдебіне әсер етіп, түрлі субмәдениеттердің белгілі бір басымдыққа ие болуына әкеп соқты. Кәмелетке толмағандар арасында ұрлықтың, зорлау және зорлауға оқталу фактілерінің артып келе жатқандығын байқауға болады. Аталған проблемалардың туындауына ықпал ететін көптеген себептер бар. Мысалы, Интернеттің ашықтығы, кез келген ақпараттың жылдам таралуы, бала қарайтын бейнеконтенттердің фильтрлерден өткізілмеуі, ата-аналардың жұмыс пен отбасылық өмір арасындағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті сақтамауы.

Осындай сын-қатерлерді түбірімен жою мүмкін емес, дегенмен оған тосқауыл болу қажет. Сол себепті ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлттық мүддені жоғары қоятын, өзінің туған жерін, Отанын қадірлейтін және оның әрі қарай дамуына серпін беретін, терең білімді, озық ойлы, адал және ұлттық болмысы айқын тұлға тәрбиелеу мәселесі өзекті.

Аталған мәселелерді шешуде тәрбие мазмұнын айқындау «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» әзірлеудің өзектілігіне негіз болды. Бағдарламада ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті, білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейді, деді басқарма басшысы.

2. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту»  орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Танирбергенова Анар Шынболатовна «Біртұтас тәрбие бағдарламасын  іске асыру тетіктері мен перспективасы» тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісті.

3. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының  іске асырылуы» тақырыбында Ақтөбе қаласы «№ 30 қазақ орта мектебі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сертификаттандырылған тренер Мукатова Мирагуль Миргалиевна Ақтөбе облысы бойынша жұмыстың жүргізілуі туралы баяндама жасады.

Семинар соңында  қатысушылармен ашық микрофон арқылы диалогтік алаң құрылып, өзара пікір алмасу, кері байланыс жасалды. 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1