Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13 қараша күні 2024 жылғы 30 тамызда №194 бұйрығымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі Г.А.Кулсейтова өз алғы сөзінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын теорияда және тәжірибеде іске асырудың шарттарын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы жастар ресурстық орталығының ақпараттық түсіндіру және жастармен жұмыс бөлімінің бөлім басшысы Е.М.Жақсылықов білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуде жергілікті ұйымдармен қарым-қатынас орнату және қолдау барысында ТжКББ ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылған шараларға тоқталып, биылғы оқу жылында бірлсесе атқарылатын шаралардың мазмұнын түсіндірді.
Тәжірибелік бөлімде:
- Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.М.Тәжібаева, жастар ісі комитеті төрайымы Б.Ж.Дабылдина (Tedx форматында) «Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда «Қамқор» жобасы арқылы жастардың бойында құндылықтарды дәріптеу»;
- Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Х.Абельпеисова, Ақтөбе құрылыс және техникалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б.Байжанова-Баймагамбетова (Tedx форматында) «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында жастар арасында құндылықтарды дәріптей отырып әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру»;
- А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің топ кураторы, домбыра класының оқытушысы А.К.Канаткалиева «Шабыт» жобасы аясында білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарын дәріптеу»;
- Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің топ кураторы, қазақ тілі және әдебиет пәндерінің оқытушысы Л.Т.Балгазиева «Балалар кітапханасы» жобасы аясында білім алушылардың ктап оқуға және білім алуға қызығушылықтарын қалыптастыру»
Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С. Елькеева, Ақтөбе автожол колледжінің педагог-ұйымдастырушы С.Б.Карипжан (Tedx форматында) «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында студенттердің бойында құндылықтарды дәріптеу арқылы тілдік дағдыларын дамыту»;
-Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы К.М.Оразымбетова «Smart bala» жобасы аясында білім алушылардың бойында инновациялық жобалар арқылы құндылықтарды дәріптеу» тақырыптарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы түрлі жобалардың тәрбие процесіндегі іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, шара қорытындыланды. Шараға ат салысқан педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.