2024 жылдың 25-27 наурыз күндері Ақтөбе облысы ауыл мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған Қазақстанның Фулбрайт ассоциациясының ұйымдастыруымен халықаралық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Қазақстанның ауыл мектептеріндегі жас ағылшын тілі ұстаздарының кәсіби даярлығын арттыру.

Халықаралық семинардың ашылуында Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан аталған жобаның педагогтерге берері мол екендігін атап өтті.

Қазақстанның Фулбрайт қауымдастығы – Қазақстанда білім беруді дамытуға бағытталған Фулбрайт бағдарламаларының түлектерін біріктіретін тіркелген үкіметтік емес ұйым. Қазақстанның Фулбрайт қауымдастығына Фулбрайт FLTA бағдарламасының түлектері де кіреді. Бұл бағдарламаның түлектері FLTA бағдарламасы арқылы АҚШ университеттерінде қазақ тілін оқыту тәжірибесін жинақтаған жас қазақ ағылшын тілі ұстаздары. Ұсынылған семинарларды Фулбрайт FLTA түлектері, сондай-ақ Ағылшын тіліндегі көмекші (Fulbright ETA) стипендиялық бағдарламасы бойынша Қазақстандағы АҚШ азаматтары жүргізеді. Семинарларды өткізуге байланысты барлық шығындар, соның ішінде қатысушылардың тұруы, тамақтануы және жолақысы елшілік бөлетін грант есебінен жабылады.

«Бұл жоба белгілі бір уақытқа негізделген ерекшелікті иеленеді және Қазақстан мектебінде білім беру сапасын арттыру мақсаттарына қол жеткізуге тікелей ықпал етеді деп ойлаймын», - дейді жоба жетекшісі Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Тілдер кафедрасының профессоры, Фулбрайт бағдарламасының түлегі Светлана Жанабаева. 

Аталған шарада спикерлер Фулбрайт FLTA түлегі Ажар Чакибаева, Павлодар мемлекеттік университетінде Фулбрайт ағылшын тілі мұғалімінің көмекшісі Эван Сьерра, Небраска-Линкольн университетінің жаһандық зерттеулер бакалавры Сади Риттер, Қарағанды мемлекеттік Техникалық Университетінде ағылшын тілі оқытушысы Эмметт Кэшман, Қызылорда қаласында Фулбрайт ағылшын тілі кафедрасының ассистенті Анна Кубас, Ақтөбе Батыс Қазақстан Медицина Университетінің Фулбрайт ағылшын тілі кафедрасының ассистенті Стефани Мерфи, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, «Көптілді Білім беру» магистрі Қазыбек Әйгерім Қазақстан мен АҚШ-тағы тілдерді оқытуды салыстыру, сыныпта тіл үйренуге көмектесу үшін заманауи технологияларды қолдану, білім беру технологиясының үздік құралдары мен пайдалы веб-сайттарына қысқаша шолу, ағылшын тілі сабағында сыни ойлауды интеграциялау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Халықаралық семинарға біздің облысымыздан 30 ауыл мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысып, сертификат иеленді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1