Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен информатика пәні бойынша ассоциация жоспарына сәйкес «Виртуалды және кеңейтілген шынайылық мүмкіндіктерін қолдану» атты облыстық онлайн-семинар өткізілді.

Аталған семинарға жетекшілік еткен ІТ бөлімінің әдіскері Жадыра Талапқызы, заманауи және тез дамып келе жатқан 3D үлгісіндегі модельдің білім беру саласындағы маңыздылығына тоқталып өтті.

Семинардың мақсаты  – қазіргі заманның бұл атрибуттары осы уақытқа дейін қашықтықтан оқыту, электронды технологияларды, мобильді қосымшалар мен электронды оқулықтарды қолдану арқылы оқытуды қамтитын білім берудегі технологияны түсінуді кеңейтуге негізделген.  

Семинар бағдарламасына сай Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі, п.ғ.магистрі А. М. Кауысова, AR және VR мүмкіндіктеріне тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Әрі қарай бағдарламаға сай, Хромтау  ауданы, №3 Хромтау ОМ мұғалімі, педагог-сарапшы А.Б. Акмурзаева Wizerme платформасын информатика сабағында тиімді  қолдану мүмкіндіктерін практикалық  жұмыс түрінде таныстырып, қатысушыларға  өз практикасында  қолдануына  бағыт-бағдар берді. Ал, Ырғыз  ауданы, М.Төлегенов атындағы ЖОББМ мұғалімі К.Б. Әбдібаев мобильді қосымшаның жасалу  жолын  көрсетіп, аудиториямен  қарқынды жұмыс жүргізді.

Аталған онлайн-семинар қатысушылары өз білімдерін жетілдіру барысындағы оң әсерлерімен бөлісіп,  түрлі жаңа әдістерді үйренгендігін жеткізді.

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1