Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Білім сапасын арттыруда интерактивті әдістерді қолданудың тиімділігі» атты облыстық семинар өтті. Онлайн тәртібінде өткен семинарға 50-ге жуық информатика пәні мұғалімдері қатысты. Орталық әдіскері, т.ғ.м. Нуржанова Эльвира білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырды.

Семинар бағдарламасына сәйкес «Learnis сервисі арқылы оқушыларға квест тапсырмасын жасау», «Nearpod сайтымен танысу, интерактивті ойын құрастыру» тақырыптарында Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Еркебаева Жанаргүл Утеуқызы өз тәжірибелерімен бөлісіп, теориялық және практикалық жұмыстарын көрсетті. «Emaze сервисі арқылы 3D презентация жасау» мен «Classroomscreen» онлайн тақтаcымен жұмыс. «Classtime арқылы оқушыларға тапсырма дайындау» бойынша Ақтөбе қаласы №40 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жаманова Нұргүл Мекешовна толық мағлұмат берді. Жаңа интерактивті платформалар «Геймификация әдісі Gimkit», «Genially платформасын оқу үдерісінде қолданумен», сонымен қатар «PowerPoint Base» бағдарламасымен жұмыс жасаудың жаңа мүмкіндіктерімен Ақтөбе қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы лингвистикалық мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Рысқұлова Шынар Сағидоллақызы өз тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарға жауап берді.

Қатысушылар answergarden платформасында кері байланыс жасап, жақсы пікірлерін айтып, семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Шара соңында іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1