2024 жылғы 15 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі базасында «Электромонтаж құзыреттілігіндегі инновациялар: WorldSkills аймақтық чемпионатына дайындық» тақырыбында облыстық семинар өтті.

          Семинар әдістемелік орталық директорының орынбасары Д.Халетова мен колледж директоры Б.Мулдашеваның алғы сөзімен ашылды, олар педагогтердің кәсіби дағдыларын үнемі жетілдірудің маңыздылығы туралы атап өтіп, аталмыш семинардың өзара тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыруда тамаша мүмкіндік екенін айтып өтті.

Шара барысында колледж педагогтері Т.С.Карагулов, А.З.Тулегенов Германия, Франция және Қытай мемлекеттерінде өткен шетелдік тағылымдамаларының есептерімен бөлісіп, «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша WorldSkills стандарттарымен, болашақ чемпионатқа сәтті дайындалу үшін құжаттардың үлгілерімен таныстырды. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар CIS модулін бағалау арқылы алған білімдерін қорытындылады.

          Сонымен қатар, семинар барысында кәсіби бағдар жұмысын жандандыру мақсатында 9-10 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Шараның мақсаты мектеп түлектерін:

•        Колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру.

•        Кәсіби және өзін-өзі анықтауға көмектесу.

•        Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың беделін арттыру.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1