Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Шалқар ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.К.Сарсенова және аудандық білім бөлімі жауапты мамандарының қатысуымен өңірдің тәжірибелі ұстаздарының кәсіби дамуына, өзара ынтымақтастық орнатуға және білім беру үдерісінде бірлескен жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған педагог-шеберлердің дөңгелек үстел отырысы өтті.