2024 жылдын  23 қазан  күні Ақтөбе облыстық әдістемілік орталықтың жоспарына сәйкес  Мәртөк ауданының «Хлебодаровка жалпы білім беретін орта мектебі» КММ «Кейстің негізгі бөлігі аргументацияның құрылуы мен құрамы» тақырыбында  Азамат Кубигенұлы Амандыковтың шығармашылық есебі өтті.

Семинарға облыс пен қала мектептерінен 20 шақты мұғалім қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Лаура Сабыржановна, Мәртөк ауданы білім бөлімінің әдіскері Арнұр Хупыр, Хлебодаровка ЖОББМ директоры Арман Мырзахметұлы сөз сөйлеп, пікірталастың маңыздылығына тоқталып өтті.

Азамат Кубигенұлы «Кейстің негізгі бөлігі аргументацияның құрылуы мен құрамы» тақырыбында баяндама жасап, Мәртөк ауданы бойынша дебат қозғалысының дамуы туралы айтты. Іс-шара барысында қатысушыларға көрсетілім ойыны таныстырылды.

Мектеп психологтары тренингтер ұйымдастырып, қатысушылармен белсенді жұмыс жүргізді.

Семинар соңында әріптестер алған әсерлерімен бөлісіп, іс-шара өте сәтті өткендігі туралы айтып  пікірталастың оқушыларға берер пайдасы мен оның дамуы  құнды екендігін ескерді. Азамат Кубигенұлына алғыс хат табысталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1