2024 жылғы 07 маусым күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Әйтеке би көпсалалы колледжінің педагогтеріне «ТжКББ ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Б.Ж.Нурмолдина «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары», П.А.Карасаева «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер», Ақтөбе автожол колледжі оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ш.К.Сарсембаева «Педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыру — бүгінгі күннің талабы» тақырыптарында оқу-тәрбие жұмысын жандандыру, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, студенттерге толыққанды білім мен тәрбие алуға жағдай жасау керектігіне тоқталып, әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар, Әйтеке би көпсалалы колледж педагог-психологы А.Д.Досмуратов «Қазіргі білім алушы, ата-ана және оқытушының моделін ұсыну» тренингін ұйымдастырды.
Семинар соңында ашық диалогтық алаңда педагогтер ұсыныстарын айтып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасап, жылы лебіздері мен алғастарын білдірді. Қатысушыларға сертификаттар табысталып, сондай-ақ іс-тәжірибесімен бөліскен колледж психологіне облыстық әдістемелік орталық басшысының атынан алғыс хат табысталды.