Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Бала денсаулығын сақтау жолында тұрған ең басты мәселе – оларды салауатты өмір сүруге және оны сақтау, нығайту жолдарын білу.
Денсаулықты әртүрлі тәсілдірмен сақтап, нығайтуға болады. Осы бағытта ағымдағы жылдың 16 сәуір күні оңалту орталығында «Денсаулықты сақтау технологиялары» тақырыбында онлайн шебер-кластың кезекті 3-отырысы өтті.
Шебер-класқа ПМПК, ППТК және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, арнайы педагог (дефектолог), дене шынықтыру мамандары арасынан барлығы 15 мұғалім қатысты.
Шара барысында Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығының арнайы педагогі Р.Ахметова қатысушыларға денсаулықты сақтау технологияларының тиімділігін түсіндіріп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Оңалту орталығының арнайы мамандары Г.Ахметова, А.Саимова мультфильм кейіпкерлерімен денсаулық сақтауды үйренудің тиімді жолдарын практика жүзінде көрсетсе, орталық психологі А.Ондасова «Көтеріңкі көңіл-күй – денсаулықтың кепілі» тақырыбында қызықты тренинг ұйымдастырды.
Тәрбиешілер В.Кириченко, Қ.Кабесова, А.Мурзагалиева және әлеуметтік педагог А.Іздібаева ата-аналармен жұмыс барысында денсаулықты сақтау технологияларын қолданудың және спорттық ойындардың бірнеше түрлерін жұмыс барысында көрсетті.
Шара соңында ұсыныстар айтылып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды.