Ақтөбе облысының білім беру жүйесін дамыту бойынша жалпы білім беретін мектептер жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сапалы білім берумен қамтамасыз етуде 2023-2029 жылдарға арналған "Тең құқықтар - тең мүмкіндіктер" атты жоба тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинарға жалпы орта білім беретін мектеп директорлары, арнайы (түзету) мекемелерінің басшылары, білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатысты.

Вебинарды Ақтөбе облысының әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және жалпы орта, инклюзивтік білім беру бөлімінің әдіскері М.Раисова Ақтөбе облысы бойынша Жол картасын жүзеге асыруда «Өңірлік жобаны іске асыру жағдайында педагогикалық ұжымның жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жоба барысында облыстың жалпы білім беретін және арнайы сыныптары бар мектептерінің жұмысын үйлестіруде Ақтөбе қаласы (облыстық ресурстық орталығы), №19 орта мектебінің директоры Ж.Шабаров ресурстық орталықтардың оң тәжірибесіне тоқталып, жаңа талаптарды, мүмкіндіктерді, жауапкершіліктерді атап өтті. Сонымен қатар, №7 Арнайы (түзету) мектеп директоры Д.Трумова, Арнайы мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы оқу-әдістемелік ұсынымдарымен және озық тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық арнайы мектеп-балабақшасының директоры Э.Аймаганбетова, Психикалық дамуы тежелген балаларға білім беру және түзете-дамыту жұмыстарының ерекшеліктеріне тоқталды.

Вебинар соңында ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар және ұсыныстар айтылды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1