«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 14 наурыз күні облыстық онлайн семинар – практикумы өтті.

Аталған шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен және мектеп педагогтері қатысты.

«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық пен мемлекеттілікке ерте тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылады.

Жоба құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды, белсенді заңды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін, құқықтық мәдениетті қалыптастыратын адамға мақсатты, ұйымдасқан және жүйелі әсер етуді көздейді.

Аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының спикерлері өздерінің оқу орындарында «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасын сәтті жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Балалармен жұмыс жасауда нақты кеңестер мен ұсыныстар берілді.

Рефлексия барысында қатысушылар іс-шарадан алған әсерлерімен алмасып, оның педагогика саласындағы құндылығын және оқу үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуді атап өтті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1