Бастауыш сыныптың жас мамандарына математика, қазақ тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін үйрету, әртүрлі тапсырмаларды дайындау тәсілдерін меңгерту мақсатында 2024 жылғы 15-наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байжанова Гульзипа Кабеповнаның «Ізденейік, үйренейік, жас маман тақырыбында облыстық шебер-класы болып өтті.

Шебер-класс барысында Гульзипа Кабеповна жас мамандарға сабақта қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдердің тиімділігімен таныстырып, «Суреттер сөйлейді», «Жұбын тап», «Таза тақта», «Пазл», «Шашылған сөздер», «Кім шапшаңәдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтарға жауаптар беріліп, қорытындыланды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1