2024 жылдың 24 қазан күні Шалқар қаласы №5 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Семинардың арқауы – ұзақ жылдар тәрбие саласында қажырлы үлесін қосқан №5 мектеп-лицей директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Нурмашева Жадыра Калабаевнаның озық іс-тәжірибесі.
Облыстық семинар барысына:
-Наренова А.М., Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының «Қосымша білім беру және тәрбие» бөлімінің басшысы;
-Башанов А. Қ.,Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы;
- Ақмалай Д.А., Аудандық білім бөлімінің бас маманы;
-Құлекенова Г. Т.,Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы;
-Аудандық білім бөлімінің әдіскерлері және білім беру мекемелерінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинардың ашылу бөлімінде ұстаздар мектеп фойесінде «Тәрбие үзілісі» атты сергіту алаңында сауалдар жасырылған тапсырмалар орындады. Мектебіміздің 118 жылдық шежірелі тарихына негізделген көрмеде екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы мектеп құжаттары, жұрналдар топтамасымен таныстырылды.
Семинарға қатысушы қонақтар «Құқық бұзушылықтың адын-алуға» бағытталған іскерлік ойын, саяхаттау сабағы, шығармашылық әрекет, ашық алаң, Workshop, танымдық сағаттарына қатысып, сынып жетекшілердің сабақты өткізу шеберліктеріне тәнті болды.
«Балалар және театр» жобасы аясында мектеп жанынан құрылған «Ұшқын» театры С.Балғабаевтың «Жастық» қойылымын ұсынып, көрермендер ықыласына бөленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аетова Г. Е.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.К.Нурмашева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құндылығы бойынша өзінің шығармашылық есебінде тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, нормативтік құжаттарының рәсімделуін ортаға салды.
Мектеп жанынан құрылған «Болашақ» хор ұжымының орындауындағы «Қазақстан – егемен елім» әнін орындады. Жетекшісі: музыка пәні мұғалімі Жолмағанбетова Ж.Ә.
Семинарды қорытындылап, сөз алған Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының «Қосымша білім беру және тәрбие» бөлімінің басшысы – Наренова А.М. ұжымның бүгінгі шығармашылық есебіне оң бағасын беріп, ашық сынып сағатын өткізген сынып жетекшілерге арнайы Алғыс хат табыстады.