Ақтөбе облысының жол картасы аясында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша облыстың мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Балалардың сенсомоторлы ерте дамуы: ойындар мен жаттығулар» тақырыбында онлайн шебер – класс өтті.
Шара мектепке дейінгі балалардың сенсомоторлы ерте дамуын ойындар мен жаттығулар арқылы жүзеге асыру, олардың моторикаларын, сенсорлық қабылдауын, әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағыттау мақсатында ұйымдастырылды.
Шебер-класта Ақтөбе қаласының №44 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері балалардың сенсомоторлы ерте дамуына арналған ойындар мен жаттығу түрлерін көрсетті. Баланың ұсақ қол моторикасын дамытуда жүннен, жіптен жасалған ұлттық құндылықты дәріптеуге бағытталған жаңа ойындармен таныстырды.
Сондай-ақ «Бестемше» ойынының ережесін түсіндіріп, ойынның шығу тарихына және баланың дамуындағы маңызына тоқталды.
Шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалынып, қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.
Орындаған: А.А.Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталық әдіскері