Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 27  қарашасы күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Денсаулық сақтау» саласы  «Акушерлік іс» мамандығы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.

ТжКББ ұйымдары педагогтерінің «Денсаулық сақтау» саласы «Акушерлік іс» мамандығы бойынша шығармашылық жетістіктерін қолдап, талантты, дарынды педагогтер арасында облыстық кезеңнің жеңімпазын анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Әділқазы құрамының шешіміне сәйкес әр модуль бойынша байқау нәтижесі төмендегідей:

І орын – Таңат Ғалия Жомартқызы, ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі» МҚК;

ІІ орын – Байназарова Айзада Асылбековна, ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі» МҚК;

ІІІ орын – Акбаева Гульжанат Абдикадировна, ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі» МҚК.

       Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Алматы облысында өтетін республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерді жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1