Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 26 наурыз күні жалпы орта білім беретін мектептердің және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының мұғалім-логопедтеріне арналған «Үздік логопед – 2024» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: мұғалім-логопедтердің жеке әлеуеттерін және мәртебесін арттыру.
Аталған байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 11, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінен 5 және оңалту орталығынан 1 мұғалім-логопед қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
I орын – Бекмухамбетова Амина Утегеновна, Ақтөбе қаласы, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің логопеді;
II орын – Ұзақбаева Арманай Бақыткерейқызы, Ақтөбе қаласы, №18 орта мектеп логопеді;
III орын – Жаңбыршина Меңсұлу Ғалиқызы, Ойыл ауданы, психологиялық-педагогикалық түзетім кабинетінің логопеді.
Номинациялар табысталды
«Кәсіби шебер мұғалім»:
- Бижанова Гулсайран Жанатовна, Мұғалжар ауданы, психологиялық-педагогикалық түзетім кабинетінің логопеді
«Шығармашыл мұғалім»:
- Исмурзина Динара Набидоллаевна, Хромтау ауданы, психологиялық-педагогикалық түзетім кабинетінің логопеді
«Жаңашыл мұғалім»:
- Ақынжанова Камшат Куанышовна, Ақтөбе қаласы, №66 ЖББОМ
«Заманауи мұғалім»:
- Байтохина Жанаргуль Турмагамбетовна, Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының логопеді
«Ізденімпаз мұғалім»:
- Аманияз Әлия Төлегенқызы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол ЖББОМ логопеді
Жеңімпаздар Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!