Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығында «Аутистік спектрі бар балаларды оқытудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

Мақсаты - аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды оқытудағы заманауи әдістермен бөлісу, тәжірибе алмасу және педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру.

Шара барысында «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының директоры, дефектолог А.Е.Испанова, педагог-психологі Т.М.Рахметова «Дағдарыстың алдын алу бағдарламасын енгізу», дефектологі Г.А.Кульмагамбетова, педагог-психологі Р.Т.Умурзакова «Аутистік спектрі бар балаларды оқытудың әдістері мен тәсілдері», педагог-психологтары Ж.С.Берекетова, Н.Б.Наурзалиева «Аутистік спектрі бар балаларды сабаққа ынталандыру» тақырыптарында шебер-класс өткізді.

Шебер-класқа 30-ға жуық жалпы орта білім беретін мектептердің педагог-ассистенттері мен психологтарықатысты.

Бұл шебер-класс  аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларға сапалы білім беру мен олардың әлеуетін толық ашуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

         Шара соңында озық тәжірибелерімен бөліскен «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының педагогтері Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1