Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру мекемелерінде оқытудағы ықпалы мен стратегиялары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Шараға облыстық психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің педагогтері, логопед, арнайы педагог, сурдопедагог, педагог-ассистент мамандары қатысты.
Семинарда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және жалпы орта, инклюзивтік білім беру бөлімінің әдіскері М.Раисова ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудағы бірқатар маңыздылықтарға тоқталып, аталмыш семинардың өзара тәжірибе алмасуда, біліктілікті арттыруда тамаша мүмкіндік екенін айтып өтті. Сонымен қатар, облыстық ПМПК меңгерушісі Р.Биарстанова Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық құжаттар туралы бірқатар ақпараттар берді.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушы спикерлер, ПМПК дефектологі Г.Досова жалпы білім беретін ұйымдарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды анықтау, бағалау және қолдау алгоритмі тақырыбында өз тәжірибесімен бөліссе, логопед Г.Кудайбергенова оқу бағдарламаларын қысқартуды орындауға, жеке оқу бағдарламаларын жасауға ұсыныстар жазуда құжаттардың үлгілерімен таныстырды. Жалпы білім беру мекемелеріндегі есту қабілеті төмендеу балаларға көрсетілетін ықпал мен көмек жолдары тақырыбында сурдопедагог П.Саликина өз тәжірибесімен бөлісіп, психолог А.Анесова ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды білім беру ұйымдарында педагог-ассистенттің сүйемелдеуі жайында практикалық тәжірибе көрсетті.
Рефлексия барысында қатысушылар іс-шарадан алған әсерлерімен алмасып, сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылды.